ҚазҰУ Музейінде Республика күніне арналған патриоттық сағаттар өтуде
21 Окт, 2025
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы Декларацияны қабылдап, Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.
Мереке қарсаңында студенттердің бойында туған елі мен халқына, Отанына деген патриоттық сезімдерін нығайту мақсатында физика-техникалық факультетінің «Материал тану және материалдық тану технологиясы, Ядролық физика» мамандығының 2 курс, орыс тобының студенттеріне патриоттық сағат өткізілді
Филология факультетінің қазақ тілі оқытушысы Қарабаева Ханшайым Әбдутәліпқызы бастаған студенттер өздері білім алып жатқан университеттінің терең тарихымен танысып,болашақ жетістіктеріне өз үлестерін қосуға ынталықтарын білдірді




