Әнуар Әлімжанов: шабыт қанатындағы қаламгерFarabi University

Әнуар Әлімжанов: шабыт қанатындағы қаламгер

23 қазан, 2025

2025 жылдың 17 қазанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебінің 3-курс студенттері көрнекті жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әнуар Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шара барысында студенттер қаламгердің өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесін атап өтті. Әлімжановтың шығармаларындағы отансүйгіштік, рухани жаңғыру және адамгершілік құндылықтар жастарға үлгі болары сөзсіз. Бұл кураторлық сағат БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-Сапалы білім беру және 16-Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар мақсаттарына үндес келеді.

Осындай іс-шаралар студенттердің ұлттық рухани сана-сезімін қалыптастырып, отансүйгіш жастарды тәрбиелеуге бағытталған.

Эдвайзерлер: Андабаева Г.К., Тураров Д.Р.