Алматыдағы заманауи өнер мұражайына баруFarabi University

Алматыдағы заманауи өнер мұражайына бару

22 қазан, 2025

Тұрақты даму мақсаты 4 «Сапалы білім беру» аясында 2025 жылғы 16 қазанда эдвайзер Касенова Г.Е. және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қаржы және есеп» кафедрасының «Қаржы» мамандығының 2-курс студенттері (күндізгі оқу бөлімі) Алматы қаласындағы жаңа заманауи өнер мұражайына барды.

Жаңа мұражай қаладағы маңызды мәдени орталықтардың бірі болып табылады. Онда заманауи өнердің түрлі бағыттары мен инновациялық көрме формалары ұсынылған. Мұражай Алматының мәдени өмірін байытып, жастардың эстетикалық талғамы мен шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етеді.

Экскурсия студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, заманауи өнердің өзекті бағыттарымен танысуға және мәдениеттің тұлғалық әрі кәсіби дамудағы маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Мұражайға бару студенттерге үлкен әсер қалдырып, білім мен мәдениет саласындағы тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам болды.