«Жұқпалы аурулардың иммунологиясы» тақырыбында дәрісFarabi University

«Жұқпалы аурулардың иммунологиясы» тақырыбында дәріс

23 қазан, 2025


2025 жылдың 22 қазанында биология және биотехнология факультетінде «7М05119 – Репродуктивті генетика» білім беру бағдарламасының екінші курс магистранттарына арналған дәріс өтті.
Дәрісті молекулалық биология және генетика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Айжан Избасаровна Жүсіпова жүргізді. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-бағыты — «Денсаулық пен әл-ауқат» (ЦУР 3) аясында ұйымдастырылды.
Дәріс тақырыбы: «Жұқпалы аурулардың иммунологиясы». Сабақ барысында биологиялық агенттер, аурулардың таралуы, молекулалық механизмдері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары қарастырылды.
Магистранттар инфекциялық процестердің иммунологиялық ерекшеліктері туралы тың мәлімет алып, жұқпалы аурулардың алдын алудағы заманауи тәсілдермен танысты.