- Басты бет
- Жаңалықтар
- Франция–Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасы делегациясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетіне іс-сапармен келді
Франция–Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасы делегациясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетіне іс-сапармен келді
23 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетіне Франция–Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының бас директоры Стивен Бостром мырза бастаған делегация келді. Сапар барысында факультет деканы Ақтымбаева А.С. қонақтарға ғылыми зертханаларды таныстырып, факультеттің ғылыми бағыттары мен инновациялық жобалары туралы мәлімет берді.
Рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі Байбуриев Р.М. делегация мүшелерімен туризм мен қонақжайлылық саласында білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Тараптар студенттердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, академиялық ұтқырлықты нығайтуға және туристік сала мамандарын халықаралық стандарттар негізінде даярлауға бағытталған бірлескен бастамалардың жоғары әлеуетін атап өтті.
Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы академиялық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру және диалогты жалғастыруға өзара қызығушылық білдірді.
Басқа жаңалықтар