2025 жылдың 23 қазанында филология факультетінде ұлттық мереке Республика күніне арналған «Жастар мен тәуелсіз ел рухы» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараны «6B02304 – Аударма ісі (батыс тілдері)», «6B02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандықтарының 1 курс куратор-эдвайзерлері мен шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының докторанттары ұйымдастырды.
Іс-шара студенттердің патриоттық рухын оятуға, еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға және Қазақстанның тәуелсіздігінің маңыздылығын түсінуге бағытталды.
Бағдарламада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихына арналған тарихи шолу, сондай-ақ патриоттық ойлауды және топтық өзара қарым-қатынасты дамытатын танымдық тапсырмалар қамтылды.
Алғашқы тапсырма «Менің Қазақстаным» викторинасын қамтыды, студенттер еліміздің тарихы, географиясы, мәдениеті мен көрікті жерлері туралы білімдерін көрсетті.
Содан кейін қатысушылар «Жіп арқылы сурет» атты топтық ойынына қатысып, тәуелсіздік пен бірліктің рухын бейнелейтін тақырыптық суреттер жасады.
Бағдарламаның маңызды сәттерінің бірі – «Ассоциациялар» интербелсенді ойыны болды. Аталған ойын қатысушыларға туған жер туралы ойлары мен сезімдерін символдық бейнелер мен тірек сөздер арқылы жеткізуге мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында жүргізушілер Қазақстан халықтарының достығы мен келісімінің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Олар еліміздегі түрлі ұлт өкілдері бейбітшілік пен түсіністікте өмір сүретін, Отанға деген сүйіспеншілігін білдіретін ортақ шаңырақ екенін ерекше айтты.
Соңында белсенді қатысушылар мен жеңімпаздар сертификаттармен және ұлттық нақыштағы сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара патриотизм, мақтаныш және шабыт атмосферасында өтіп, қатысушылардың жүрегінде жарқын әсер қалдырды.
М.М. Аймагамбетова, А.Т. Алимбаева