Республика күніне арналған «Менің елім – менің мақтанышым» атты іс-шара өттіFarabi University

Республика күніне арналған «Менің елім – менің мақтанышым» атты іс-шара өтті

24 қазан, 2025

2025 жылдың 24 қазан күні Республика күніне орай Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы 6В05202- Экология мамандығының 2-курс студенттері топ эдвайзерлері Г.А. Мұқанова, Л.С. Құрбанова жетекшілігімен патриоттық бағыттағы тәрбиелік іс-шара өткізді. 

Мерекелік шараның негізгі мақсаты — студенттерге Республика күнінің тарихи маңызын түсіндіру, еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін дәріптеу, сондай-ақ жастардың бойында елжандылық, азаматтық жауапкершілік және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.