ҚазҰУ жәрмеңкесінде Эко-хаб және оның экологиялық бастамалары таныстырылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына арналған күзгі жәрмеңке өтті.
Қонақтардың ерекше назарын «ҚазҰУ Эко-хабының» алаңы өзіне аударды. Эко-хаб «ECONetwork» ұйымымен бірлесіп әзірлеген жобасын таныстырды. Жоба студенттер арасында экологиялық ойлауды дамытуға және жасыл бастамаларды қолдауға бағытталған.
Эко-хаб стендінде студенттер қайта өңделген және экологиялық таза материалдардан жасаған қолөнер бұйымдары мен кәдесыйларын ұсынды. Қонақтар интерактивті шеберлік сабақтарына қатысып, қалдықтарды бөлек жинау қағидаларымен танысып, орталықтың қызметі туралы көбірек біле алды.
ҚазҰУ Эко-хабы экологиялық жобаларды, ағартушылық шараларды және ғылыми бастамаларды жүзеге асыруға арналған платформа болып табылады. Оның басты мақсаты – университет пен қала өміріне тұрақты даму қағидаттарын енгізу.
Жәрмеңке студенттер мен оқытушылардың шығармашылық қарым-қатынас алаңына айналып, ҚазҰУ-дың экологиялық жауапкершілікті арттыруға және тұрақты болашақ құруға бағытталған ұмтылысын көрсетті.
Басқа жаңалықтар