Патриоттық дәріс өттіFarabi University

Патриоттық дәріс өтті

25 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасы Алматы қаласындағы №97 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен «Менің Қазақстаным!» атты студенттік дәрістер өткізді.

Іс-шара ұлттық мереке Республика күніне арналған «Менің Қазақстаным!» атты патриоттық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Лекторий екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде Республика күніне арналған «Менің Қазақстаным!» атты интерактивті презентация өтті. Онда Қазақ хандығының құрылуынан бастап, қазіргі заманға дейінгі ел тарихындағы маңызды оқиғалар хронологиялық ретпен көрсетілді.

Екінші кезеңде ұлттық мерекеге арналған тарихи викторина ұйымдастырылып, оқушылар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігінің қалыптасу тарихы жөнінде терең білімдерін көрсетті.

Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушыларға ҚазҰУ әскери кафедрасының жетекшісі, запастағы полковник Олег Ажимовтың атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

№97 мектеп-гимназиясының директоры Гүлнар Тәжібаева ҚазҰУ әскери кафедрасы басшылығына ризашылығын білдіріп, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу бағытындағы ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі