Дөңгелек үстел: «25 қазан - Республика күні»Farabi University

Дөңгелек үстел: «25 қазан - Республика күні»

24 қазан, 2025

2025 жылдың 24 қазанында «Экономика»кафедрасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мерекесі – «25 қазан – Республика»күніне арналған іс-шара өткізді. Дөңгелек үстелөткізу барысында бұл мерекенің тәуелсіздік, бірлік және елдің тұрақты дамуының символы ретіндегі маңызы талқыланды. Қатысушылар Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), атап айтқанда,ТДМ-ның  4-ші «Сапалы білім беру», 8-ші «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», 11-ші  «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар»мақсаттарына қол жеткізудегі үлесін атап өтті. Іс-шараға «7М04102 - Экономика» мамандығының магистранттары, “6В04109 - Цифрлық экономика”мамандығының 3-курс және 1-курс студенттері қатысты. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының өндіріс салалары, білім беру сапасы,”Цифрлы Қазақстан” бағдарламасы, өмір сүру сапасы, ел экономикасының жағдайы туралы тақырыптар талқыланды. Мемлекеттік мереке елдің бейбіт әрі сапалы өмір сүруін, елдегі толеранттылықты нығайтуға және әділ қоғам құруға ықпалы зор.

Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар елдің тарихи жолы, оның халықаралық аренадағы жетістіктері және ұлттық құндылықтарды болашақ ұрпақ үшін сақтаудың маңыздылығын талқылады. Тұрақты болашақты құруда халықтың бірлігі мен ынтымақтастығы ұлттық дамудың маңызды факторы ретінде қарастырылды. 

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы және модераторы: «Экономика» кафедрасының кафедра меңгерушісінің орынбасары Есенгазиева С.К. және кафедраның аға оқытушысы Иляшова Г.К., кафедраның аға оқытушысы Тураров Д.Р., кафедраның аға оқытушысы Есенгельдиева Г.Т.