«Әл-Фараби» Республикалық Олимпиадасының 3-кезеңі

10 наурыз, 2016

Құрметті "Әл-Фараби" Республикалық олимпиадасына қатысушы!

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (ҚазҰУ) Сіздерді 2016 жылдың 3-6 сәуір аралығында өтетін «Әл-Фараби» Республикалық олимпиадасының шешуші 3-кезеңіне қатысуға шақырады.

Өтетін орны: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, Әл-Фараби кітапханасы.

Олимпиаданың 3-кезеңінің қатысушылары міндетті түрде «Әл-Фараби» Республикалық олимпиадасына қатысу туралы үлгіні (З кезеңге қатысу өтініш нысаны) толтырып, 20-наурызға дейін жіберуі тиіс (өтінішсіз қатысушылар 3 кезеңге қатыстырылмайды). Мына эл. почтаға жіберулеріңізді сұраймыз: abiturient.kaznu@mail.ru

3-кезең күндізгі түрде өткізіледі:

1. Қатысушалардың ғылыми (жобалық) жұмысы және оны қорғау;

2. Олимпиадалық есептерді шығару:

  • жаратылыстану пәндер үшін есептер шығару;
  • гуманитарлық пәндер үшін эссе жазу.

Ескерту: осы жерде «Әл-Фараби» Республикалық олимпиадасының алдын ала бағдарламасымен танысуға болады.

Растау үлгісі

Құрметті 11 сынып оқушылары!

«Әл-Фараби» олимпиадасы жөнінде мәліметтерді «Талапкер» кәсіби бағдар беру орталығынан біле аласыздар.

Байланыс телефондарымыз +7727 292-63-73 және +7727 292-57-17(ішкі 21-75) - Калиакпар Данара Қылышбековна; Шакирова Мөлдір Нұрланқызы.

Және де online түрде сұрақтарыңызды жібере аласыздар Mail: shakira-m89@mail.ru - Шакирова Мөлдір Нұрланқызы.