«Тұрақты даму және экологиялық болашақ» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілдіFarabi University

«Тұрақты даму және экологиялық болашақ» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

16 қазан, 2025

2025 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасының Заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұрақты даму және экологиялық болашақ» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара еліміздің экологиялық ахуалы мен тұрақты дамуды қамтамасыз ету бағытындағы құқықтық, қаржылық және кедендік аспектілерді кешенді түрде қарастыруға арналған.

Конференция жұмысына құқық саласындағы іргелі мамандар, ғалымдар, профессорлық-оқытушылық құрам және студенттер белсене қатысты. Іс-шара барысында экологиялық құқықтың өзекті мәселелері, тұрақты даму стратегиялары, қаржы механизмдері мен кедендік реттеу жүйелерінің тиімділігі туралы жан-жақты пікір алмасу өтті.

Бұл конференцияның ұйымдастырушысы — заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Қуаналиева және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы өздерінің кәсіби тәжірибелері мен ғылыми зерттеулерін бөлісе отырып, қатысушыларға бай мағлұматтар ұсынды.

Шараның басты мақсаты — тұрақты даму мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқықтық механизмдерді жетілдіру және бұл бағытта жастарды, мамандарды ынталандыру болып табылады. Мұндай іс-шаралар еліміздің экологиялық болашағын қорғау және құқықтық мәдениетті нығайтуға ерекше үлес қосатыны сөзсіз.