Республика күніFarabi University

Республика күні

24 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен,"Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)) білім беру бағдарламасының тобының кураторы және эдвайзері Қуйкабаева Айжан Аманғалиевнаның жетекшілігімен «Республика күні – Ұлттық мереке» тақырыбында кураторлық сағат өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттерге Республика күнінің тарихи және рухани маңызын түсіндіру, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, отансүйгіштікке, ұлттық бірлік пен тұтастыққа тәрбиелеу болды.

Кураторлық сағат барысында студенттер еліміздің егемендік жолындағы маңызды кезеңдерге шолу жасап, «Менің Отаным – менің мақтанышым» атты бейнероликті тамашалады. Топ белсенділері өз ойларымен, патриоттық сезімдерімен бөлісті.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті, студенттер белсенділік танытып, ұлттық мерекеге деген құрмет сезімін арттырды.

Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты «Сапалы білім беру» және 16-мақсаты «Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар» аясында жүзеге асырылды.