- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақ халқының тұрмыстық мәдениеті: этнографиялық деректер мен тарихи сабақтастық»
«Қазақ халқының тұрмыстық мәдениеті: этнографиялық деректер мен тарихи сабақтастық»
2025 жылдың 21 қазан күні ұйымдастырылған іс-шараның басты спикері – Нұр-Мүбарак университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф Досымбек Қатранұлы, қазақ халқының тұрмыстық мәдениеті мен этнографиялық деректерін зерттеуде танымал маман. Досымбек Қатранұлы соңғы жылдары қазақ киіз үйі, салт-дәстүр, ұлттық бұйымдар, ұлттық тағам тақырыптарында дәрістер беріп, осы еңбектердің авторы ретінде белгілі.
Кездесудің басты мақсаты – тарихи-этнографиялық білімді жастар арасында насихаттау, қазақ халқының дәстүрлі мәдени мұрасын қазіргі заман талаптарымен үйлестіре зерделеу және отансүйгіштік рухты қалыптастыру болды.
Іс-шара аясында Досымбек Қатранұлы қазақ халқының дәстүрлі тұрмысындағы кеңістік ұғымы, қолөнердің ритуалдық және тәрбиелік мағынасы туралы терең мазмұнды дәріс оқыды.
Ол этнографиялық білімнің қазіргі заманғы оқу бағдарламаларында алатын орнын айқындап, «рухани мұраны сақтау – ұлттық қауіпсіздіктің негізі» екенін атап өтті.
Кездесу сұхбат форматында өтті. Қатысушылар этнографпен еркін пікір алмасып, халық мұрасына қатысты сұрақтарға толыққанды жауап алды.
Кездесу барысында студенттер мен қатысушылар этнографиялық деректерді жинау әдістемелерімен танысып, дәстүрлі мәдениетке деген ғылыми көзқарасты тереңдетті.
Іс-шара қорытындысында БҰҰ – ның «Сапалы білім беру» және «Тұрақты даму үшін серіктестік» тұрақты даму мақсаттарына сәйкес этнографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін ғалымдармен байланыс орнату жоспарланды.
Мәдени іс-шараны ұйымдастырушылар: филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Балтымова Мира Рашидқызы, философия ғылымдарының докторы, профессор Масалимова Алия Рмғазықызы, «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Тулақбаева Қызғалдақ Жақсылыққызы.
«Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Тулақбаева Қызғалдақ Жақсылыққызы.
Басқа жаңалықтар