«Республика күні»Farabi University

«Республика күні»

24 қазан, 2025

2025 жылдың 24 қазанында «Сапалы білім» орнықты даму мақсатын жүзеге асыру аясында «Республика күні» тақырыбында іс-шара өтті. 25 қазан – Қазақстанда Республика күні. Оны аға оқытушы Л.А.Тұрсалиеваның жетекшілігімен «Өнеркәсіптік электроника және басқару жүйелері» мамандығының 1 курс студенттері ұйымдастырды. Республика күні 1995 жылы қазанда мемлекеттік мереке болып жарияланды және 2009 жылдан бері тойланбай келеді. "Республика күні еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символына айналуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн басты ұлттық мереке болып қала береді.

Мерекенің тарихы 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдаған кезде басталды. Бұл құжат тұңғыш рет Қазақстанның өз мемлекеттілігінің саяси, экономикалық және мәдени негіздерін дербес анықтау құқығын жариялады.