Сапалы білім — бай елдердің артықшылығы ма?Farabi University

Сапалы білім — бай елдердің артықшылығы ма?

28 қазан, 2025

2025 жылдың 28 қазанында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Г.А. Оразаева, М.Т. Джамалдинова, К.Т. Мулдабекова, М.С. Әлмұғамбетова, А.А. Касымбекова БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары аясында ТДМ 4- мақсаты Сапалы білім (Quality Education) шеңберінде   “ Is Quality Education a Privilege of Rich Countries?“ атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға философия және саясаттану факультетінің студенттері, Қытайдың Синьцзян және Үрімші Университеттерінен келіп білім алып жатқан студенттер қатысты, сондай-ақ, Италияның MIB School of Management DI Trieste студенті Ахмедова Даяна, Оңтүстік Кореяның Пусан қаласы Kyungman University студенті Ким Ин Со, Кашмирдің Islamic University of Science & Technology студенті Ethan, Малайзияның Xiamen University студенті Almat өз видеоларын жолдап онлайн қатысты.

Қатысушылар еліміздегі және білім алып жатқан елдердегі білім жүйесі туралы өз ойларын ортаға салды, дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы білім сапасын салыстырып презентациялар жасады.Тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қойып тартысты әңгіме жүргізді. Сондай-ақ Кахутта Quizz ойынын ұйымдастырды

Іс-шараны қорыта келгенде, сапалы білім дегеніміз не, сапалы білімнің белгілері қандай, білімдегі тең мүмкіндіктер, 2050 жылы мектеп қандай болады деген сұрақтар төңірегінде ойларымен бөлісті. Іс-шара ағылшын тілінде өтті.

https://drive.google.com/file/d/1ytZGKmKnohj-EiJ7ZjbNJwlWTCQrC7-j/view?usp=sharing

https://drive.google.com/file/d/1KoJRwRfFqB7prMo5ON1WgUxhQK02MuxG/view?usp=sharing