Ташкент мемлекеттік экономикалық университетімен ынтымақтастық
 
                Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық жалғасуда.
27 қазанда физика-техникалық факультеттің жылуфизика және техникалық физика кафедрасында Өзбекстанның Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуде кафедра меңгерушісі, профессор Болегенова С.А. әріптестерімен академиялық ұтқырлық, ғылыми тағылымдамалар және бірлескен білім беру бағдарламалары аясындағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Келісімдердің нәтижесінде Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің «Корпоративтік экономика және басқару» кафедрасының профессоры Марина Рудольфовна Ли жылуфизика және техникалық физика кафедрасының студенттеріне «Кәсіпорындардағы сапа менеджменті жүйесі» пәні бойынша дәрістер өткізеді.
Сонымен қатар, осы кафедраның доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Баходир Сұлтанұлы Умаров «Зияткерлік капиталды басқару» тақырыбында дәрістер циклін өткізеді.
Аталған ынтымақтастық Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсатына (Сапалы білім беру) және 17-мақсатына (Тұрақты даму үшін әріптестік) сай жүзеге асырылып, Орталық Азия жоғары оқу орындары арасындағы білім мен ғылым саласындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған.
 
         
                                 
                                