Ғылым мен бизнес форумыFarabi University

Ғылым мен бизнес форумы

7 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдас­ты­рылған «Ғылым, бизнес және өндіріс ықпалдастығы» атты форум өтті.

 

Іс-шараға Алматы қала­сы­ның әкімі Ерболат Досаев, ҚазҰУ-дың Басқарма Төра­ға­сы – Ректор Жансейіт Түй­ме­баев, экология және қор­ша­ған ортаны қорғау, сейс­микалық қауіпсіздік саласындағы өкіл­дер мен сарапшылар, сон­дай-ақ өндіріске инно­ва­ция­лық технологияларды ен­гізе­тін компаниялар, ғы­лыми қауым­дас­тықтар және 200-ге жуық бизнес өкілдері мен мүдделі тараптар қатысты.
Форум басталар алдында қа­тысушыларға ҚазҰУ-дың «Farabi Hub» инновациялық өнім­дер және жоғары тех­но­ло­гиялық жобалар орталығы таныстырылды. Хабта Жерді қашықтықтан зондтау тех­но­ло­гиялары жөніндегі Қа­зақ­стан-Қытай зертханасы, Сол­түстік-батыс политехникалық университетінің филиалы, «Ро­бототехника және меха­тро­ника RoboMech» орта­лы­ғы, Технопарк зертханасы, Дә­рілік өсімдіктер орталығы, ZTE компаниясының иннова­ция­лық орталығы, Химия және химиялық техно­ло­гия­лар зерт­­ханасы, «Сот сарап­та­ма­сы» зертханасы ор­на­ласқан.
Форумның пленарлық сес­­сия­сында Алматы қа­ла­сы­­ның әкімі Ерболат Досаев баян­да­ма жасап, қалалық инфра­құ­ры­­лым­ды, эко­ло­гия­­ны және ци­фр­лан­ды­руды да­мы­тудың өзек­ті міндеттеріне тоқталды. 

Өз сөзінде Әл-Фараби атын­­дағы ҚазҰУ-дың Бас­қарма Тө­рағасы – Ректор Жансейіт Түй­мебаев уни­вер­ситеттің же­тіс­тіктері мен алдағы жос­пар­лары туралы баяндады.
«Ұлттық құрылтайда Мем­лекет басшысы Қазақ­стан­да ғылым қалашығын құру туралы мәселені кө­тер­ді. Президент Үкіметке осы бастаманы жан-жақты зерделеп, тиісті заң жобасын дайындауды тап­сыр­ды. Біз инновациялық тех­но­ло­гиялар паркі маман­дан­ды­рыл­ған экономикалық аймағына қо­сылуға ниеттіміз. ҚазҰУ Ал­ма­тының инновациялық эко­жүйесіне кіруге және ғылыми әзірлемелерді коммер­ция­лан­дыруда зор мүмкіндіктерге ие. Бұл бізге ғылыми қалашық бо­луға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қазақстандық жоғары оқу орындары арасында ең ірі технопарк, ин­но­вациялық парк және жасанды интеллект орта­лы­ғы­ның құрылысы жос­пар­ла­ну­да», – деді ректор Ж.Түй­ме­баев.
Форум аясында ҚазҰУ мен «Astana Motors Manufacturing» және «Dragon Lakshme Group KZ» ЖШС, «Линьи Цзинь Лю­хуан» ЖШС компаниялары ара­сында ынтымақтастық туралы ке­лісімге қол қою рәсімі өтті. Та­раптар автокөлік өнер­кә­сі­бінде кадрларды даярлау және инновациялар саласында өз­ара ынтымақтастық орнатып, сон­дай-ақ сумен жабдықтау және экология бойынша бір­лескен жобаларды әзірлейді.

Нұрсұлтан ЖЕКСЕНБАЕВ