«Кел, Абайды бірге таны» атты көрме өтті
2025 жылғы 29 қазан күні сағат 12:00-де ҚР Ұлттық орталық музейінде Тұрақты даму мақсаты 4 – «Сапалы білім» бағыты аясында Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Кел, Абайды бірге таны» атты көрме өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Хәкім Абайдың рухани мұрасын терең танып, оның адамгершілік қағидаттары мен дүниетанымын қазіргі қоғамның тұрақты дамуының рухани негіздерімен байланыстыра зерделеу, сонымен қатар мәдениетаралық және дінаралық өзара түсіністік пен диалогты дамытуға ықпал ету болды.
Көрме барысында қатысушылар ұлы ойшылдың рухани әлеміне үңіліп, Абай шығармашылығындағы адамгершілік пен парасаттылық қағидаттарының бүгінгі қоғамдағы өзектілігі туралы мағыналы пікірлермен бөлісті. Іс-шара көрермендерге Хәкім Абайдың философиялық көзқарастары мен рухани мұрасының терең мәнін тануға мүмкіндік берді.
Көрмені ұйымдастыруға Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының з.ғ.к., профессор К.М. Бишманов, ф.ғ.д., профессор Б.М. Сатершинов, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.Р. Балтымова жетекшілік етті. Іс-шараны «Исламтану» және «Дінтану» білім беру бағдарламаларының 2 курс докторанттары Ж. Белтенов пен Н. Жетпісбай ұйымдастырды.
Көрмеге факультет магистранттары, докторанттар, сондай-ақ музей келушілері белсене қатысты.