Техникалық қызмет зертханасы ашылдыFarabi University

Техникалық қызмет зертханасы ашылды

1 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті база­сын­да BASF Mining Solutions техникалық қызмет зерт­ха­насының ашылу салтанаты өтті. Бұл Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласын дамыту аясында жүзеге асы­рылып жатқан ауқымды ғылыми жоба.

Айтулы шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі-академиялық мәсе­ле­лер бойынша проректоры Али­на Галеева, «Тау-кен өнер­кә­сібіне арналған шешімдер» бағытының жетекшісі Рос­ти­слав Камкин, BASF ком­пания­сының EMEA және Орталық Азия аймағы бойынша аймақ­тық бизнес-директоры Милья­на Спасич, сондай-ақ BASF Ор­талық Азияның тау-кен-ме­таллургиялық саласындағы клиент­тері мен серіктестері және бизнес-қауымдастық өкіл­дері қатысты.

Жаңа зертхана минералды шикізатты өңдеу және гидро­ме­таллургия салаларында қол­дан­балы ғылыми зерттеулер жүргізуге, сондай-ақ тау-кен өн­дірісінің тиімділігін арт­ты­ра­тын инновациялық шешімдерді әзірлеуге арналған.

Мамандардың айтуынша, зерт­хана BASF-тың флотация мен гидрометаллургия бағыт­тарындағы жаһандық тәжіри­бе­сіне сүйене отырып, кен өндіру саласындағы компанияларға минералдарды бөліп алу, шы­ғын­дарды азайту және эко­логиялық қауіпсіздікті қамта­ма­сыз етуге бағытталған ше­­­­шім­дерді ұсынуға мүмкін­дік береді.

Әйгерім

ӘУЕЗХАНҚЫЗЫ