Фараби ХАБ-та бизнес инкубатор ашылдыFarabi University

Фараби ХАБ-та бизнес инкубатор ашылды

23 маусым, 2025

Farabi HUB инно­ва­циялық даму орта­лы­ғында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті база­сын­да құрылған TusPark Business Incubator Co. бизнес инкубато­ры­ның салта­на­тты ашы­луы өтті.

Оған Tus Holdings Co. (ҚХР) делегациясының мүшелері, уни­верситет ғалымдары мен оқы­тушылар қатысты.

Салтанатты жиында Әл-Фа­ра­­би атындағы ҚазҰУ-дың Бас­­қар­ма Төрағасы – Ректор Жан­сейіт Түймебаев құттықтау сөз сөйлеп, жоба Қазақстан Пре­­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған мін­дет­те­мелерді жү­зе­ге асыруға ба­ғыт­талғанын жет­кізді.

«Бірлескен инкубатор – бұл инновациялық экожүйеге бірік­ті­ріл­ген заманауи инфрақұры­лым­дық-ұйымдастырушылық плат­форма. Оның қызметі стар­­таптарды қолдау мен да­мытуға бағытталады. Басты на­зар Deep­Tech, цифрлық, био­­техно­ло­гиялық, биоме­ди­ци­­налық және «жасыл» техно­ло­гия­ларға ау­дарылады. Инку­батор ғы­лы­ми әзірлемелерді бизнес-ше­шім­дерге айнал­ды­ру­дағы озық халықаралық тә­жірибені пай­даланып, инно­ва­ция­лық жоба­лар­дың жаһандық нарықтарға шығуына ықпал ете­тін болады», – деп атап өтті ректор.

Шарада Tus Holdings Co., Ltd компаниясының атқарушы пре­зи­денті Джиншен Чжан сөз сөй­леп, жаңа бірлескен жо­ба­ның технологияларды транс­фер­леу, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және тұ­рақ­ты бизнес модельдерді құ­руға тиімді платформа бо­ла­тынын айтты. 
«TusHoldings ғылыми және технологиялық жетістіктерді трансформациялау, стартап­тар­ды инкубаторлау және ин­но­вациялық таланттарды да­мыту миссиясын орын­дай­ды», – деді Джиншен Чжан.
Жаңа бизнес инкубатор уни­верситет және Қытай серік­тес­тері арасындағы ғылыми инновациялық серіктестікті ны­ғайтатын және кәсіпкерлік бас­тамаларды қолдайтын ма­ңыз­ды платформа болмақ.

Гүл ҚҰТТЫБЕКҚЫЗЫ