Жаңа инновациялық бакалавриат іске қосылдыFarabi University

Жаңа инновациялық бакалавриат іске қосылды

25 тамыз, 2025

Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық универ­си­теті және Innoforce холдингі бірлесіп «Бағ­дарламалық инже­­нерия» бағыты бойын­ша жаңа ин­но­ва­­циялық бака­лав­риат бағдар­ла­масын іске қосады.

Бағдарлама тек теориялық білім берумен шектелмей, со­нымен қатар практикалық дағ­ды­л­арды қалыптастыруға ба­ғыт­талған, бұл түлектерге ең­бек нарығында жоғары бә­се­кеге қабілетті болуға мүм­кін­дік береді.
Үш жылдық оқу құрылымы академиялық дайындық пен практикалық жобаларды ұш­тас­­тырады:
Бірінші жыл – бағ­дар­ла­ма­лау, алгоритмдер, деректер ба­засы және жүйелік талдау бойынша берік академиялық негіз қаланады.
Екінші жыл – нақты жоба­лар­ға қатысу және индус­трия­лық серіктестермен жұмыс істеу арқылы тәжірибелік да­йын­дыққа басымдық беріледі.
Үшінші жыл – студенттер ма­мандық бағытын таңдап, практикалық кейстер негізінде бітіру жобасын орындайды.
Студенттер кәсіби дамудың үш траекториясының бірін таң­дай алады:
Геоинформатика – бағ­дар­ла­малық инженерия әдістерін кеңістіктік деректер мен гео­ана­литика саласында қолдану;
Қаржылық аналитика – қар­жы-экономикалық саладағы цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
Бағдарламалық жасақтама әзірлеу – заманауи IT-өнімдер мен сервистерді жасау және қолдау.
Бағдарлама бағдар­лама­лық инженерлерді даярлаудың халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған және цифр­лық экономика мен жаһандық бәсекелестік жағдайында жұ­мыс істеуге дайын ма­ман­дар­ды қалыптастыруды көздейді.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі