Биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері талқыландыFarabi University

Биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері талқыланды

9 маусым, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төра­ғасы – Ректор Жансейіт Түймебаев «Орталық Азиядағы биоалуан­түр­лілікті сақтау мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық форумға қатысып, сөз сөйледі.

«Орталық Азия – сирек кездесетін және құнды тіршілік формалары табиғи белдеулердің қиылысында шо­ғырланған ерекше аймақ. Қазіргі уақытта аталған аймақта ланд­шафт­тардың деградациясы, климаттың өз­геруі сынды табиғи құбылыстар орын алуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетелдік әріптестермен бір­ле­се отырып, осы сала бойынша ғы­лыми зертханалар мен орталықтарды іс­ке қосып, жұмыс атқаруда. Мә­се­лен, Қытай тарапымен бірге қа­шық­тықтан зондтау зертханасын аштық», – деді ректор.

Форум жұмысында Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев пен ҚР экология және та­биғи ресурстар вице-министрі Нұр­лан Құрмалаев сөз сөйледі.

Іс-шараға БҰҰДБ, ЮНЕСКО, ФАО және басқа да халықаралық ұйым­дар­дың өкілдері мен сарапшылары, Ресей, Германия, Қырғызстан, Тәжік­стан, Әзірбайжан және басқа елдер­дің жетекші шетелдік ғалымдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының бас­шылары, жас ғалымдар, Қазақ­стан­ның экология және табиғатты қорғау саласындағы мамандары жи­налды.

Нұрсұлтан БАЗАРБАЙҰЛЫ