ҚазҰУ-да Кан-Нормандия (Франция)университетінің делегациясымен кездесу өтті
                        30 қазан, 2025                    
                
                әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес Жоғары мектебі— бүгін университет қабырғасында Францияның Кан-Нормандия университеті делегациясымен кездесу өтті.
Делегация құрамында экономика, менеджмент және кәсіпкерлік салаларының өкілдері болды:
- Мерием Бен Салах — экономика және менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
 - Набил Хелил — кәсіпкерлік бойынша профессор;
 - Жюли Кеснель — халықаралық даму жөніндегі аға менеджер.
 
Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру, ғылыми зерттеулер және кәсіпкерлік бағыттарында өзара ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Әңгіме барысында бірлескен жобаларды іске асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және тәжірибе алмасу бағыттары қарастырылды.
Мұндай кездесулер халықаралық серіктестікті нығайтуға, білім мен ғылым салаларындағы интеграцияны арттыруға және университеттердің жаһандық ғылыми қауымдастықтағы рөлін кеңейтуге үлес қосады.