«Заң мен тәртіп – қоғамның басты құндылықтары»Farabi University

«Заң мен тәртіп – қоғамның басты құндылықтары»

17 қазан, 2025

2025 жылдың 17 қазанында 4-ТДМ «Сапалы білім беру» аясында «Nomad International School» жекеменшік мектебінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ -дың филология факультеті, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының доценті, ф. ғ. к, отставкадағы полиция полковнигі С.Б. Тілеубаевпен кездесу өтті. Іс-шараның тақырыбы: «Заң мен тәртіп – қоғамның басты құндылықтары». Кездесудің модераторы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әдебиеттану мамандығының 2-курс докторанты Елдос Екпін болды.

Кездесу барысында Советхан Баянұлы заң мен тәртіптің мәні, олардың тарихи қалыптасуы мен қоғамдағы маңызы туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, спикер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың, заңды құрметтеп, қоғам талаптарын орындаудың маңыздылығын атап өтті. Полковник С.Б. Тілеубаев заң нормаларын сақтау – кез келген мемлекет дамуының негізі екендігін айтып, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.

Кездесуде оқушылар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық тақырыптар бойынша пікір алмасты. Адам құқықтары, заң алдындағы жауапкершілік, құқық бұзушылықтың алдын алу сынды мәселелер талқыланды.

 Іс-шара аясында әдебиеттану мамандығының 2-курс докторанты Нұрасыл Зиядабек «Абайдың заң мен тәртіп идеялары» атты ғылыми баяндамасын ұсынды. Ол ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының құқықтық көзқарастары мен әділет туралы философиялық ойларын талдады.

 Кездесу соңында мектеп директоры К. Умешбаев және мектеп әкімшілігі қонақтарға алғыс білдіріп, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.