«Ғаламдану жағдайындағы қылмыстық саясаттың даму үрдістері»Farabi University

«Ғаламдану жағдайындағы қылмыстық саясаттың даму үрдістері»

30 қазан, 2025

       2025 жылғы 29 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде «Ғаламдану жағдайындағы қылмыстық саясаттың даму үрдістері» (XVI жыл сайынғы Баймурзин оқулары) өтті. Бұл халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, еліміздің жетекші ғалымдары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен шетелдік сарапшылар бас қосты. 

       Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі №16– "Бейбітшілік, сот әділдігі мен мен мықты институттар" үлес қосу мақсатында жүзеге асырылды.

      Конференцияның негізгі мақсаты – «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және зорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру тұжырымдамасы» жобасын талқылау, сондай-ақ қылмыстық саясатты жетілдіру мен балалардың құқықтарын қорғау саласында тәжірибе алмасу болды.

   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің деканы, з.ғ.к., профессор У.А.Ахатов, заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор Р.Е. Джансараева бастаған профессор -оқытушылар құрамы конференцияға жетекші ғадымдар, құқық қорғау органдарының өкілдері және шетелдік сарапшылар қатысты.

      Іс-шара барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды: Қазақстанның қылмыстық саясатының заманауи даму үрдістері; Виктимологиялық саясат және зорлық-зомбылықтың алдын алу; Зорлық-зомбылық құрбаны болған балалар мен жасөспірімдерді оңалту жолдары; Балаларды виртуалды ортада қорғаудың құқықтық және цифрлық аспектілері        Баяндамашылардың бірі: Құсайынова Айнұр Қазбекқызы – PhD докторы, доцент, «Нархоз» университетінің қауымдастырылған профессоры «Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудағы жасанды интеллекттің рөлі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, виртуалды кеңістіктегі зорлықтың алдын алу мәселелерін құқықтық тұрғыдан талдап көрсетті. з.ғ.к, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Г.М. Атаханова «Цифрландыру дәуірінде балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылықты зерттеу» тақырыбында мазмұнды баяндама ұсынды. З.ғ.к,қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қылмыстан сақтандырудың құқықтық негіздері» тақырыбында баяндама жасап, қылмыстың алдын алу саласындағы құқықтық тетіктерді талқылады.

         Жобаға әр түрлі өңірлерден қатысып, сарапшылар сарапшылық  пікірлерін білдірді:

Биғашев Мұрат Жүкенұлы – заңгер, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ; Нұрсейітова Көркем Бақытқызы – Алматы облысы Іле ауданының «Отбасыны қолдау орталығының» директоры; Қадырова Арна Уразаққызы – әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, Қонаев қаласындағы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ; Константинова Елена Владимировна – Алматы облысы Қарасай ауданының «Отбасыны қолдау орталығының» директоры; Құдайбердиев Нүсіп Қасымжанұлы – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Отбасыны қолдау орталығының» директоры.

        Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын BR21882414 – «Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларды қолдау және оңалту бағдарламасы: ресурстық-модульді орталықтар желісін тәжірибелік енгізу» атты ғылыми жоба аясында өткізілді.

       Аталған жоба 2023–2025 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылуда.