2025 жылдың 30 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен «Республика күні - барлық қазақстандықтар үшін ұлттық мереке» тақырыбында құқықтық диктант өткізілді.
Құқықтық диктанттың негізгі мақсаты - Республика күні мен Қазақстан Республикасының егемендігінің 35 жылдығына орай студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтық сана мен отансүйгіштік рухты қалыптастыру, сондай-ақ жастардың құқықтық білімін жетілдіру және мемлекеттік мерекенің мәні мен маңызын терең түсіндіру болды.
Құқықтық диктантты кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Куаналиева, заң ғылымдарының кандидаты Т.А. Токтыбеков және аға оқытушы С.М. Жапаков жүргізді.
Құқықтық диктант медицина және денсаулық сақтау факультетінің студенттерінен алынды. Құқықтық диктант барысында студенттер Қазақстан Республикасының Конституциясы, мемлекеттік рәміздері мен егемендіктің тарихи негіздеріне қатысты білімдерін көрсетіп, өз құқықтық сауаттылығын сынақтан өткізді.
Медицина және денсаулық сақтау факультетінің құқықтық диктантқа қатысушылары белсенділік танытып, өздерінің азаматтық ұстанымын, елжандылық сезімін және құқықтық мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті. Құқықтық диктант соңында студенттерге құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы түсіндіріліп, мемлекеттік мерекелердің ел бірлігі мен тәуелсіздігін нығайтудағы ерекше рөлі атап өтілді және естелікке суретке түсіп өз әсерлерімен бөлісті.
Басқа жаңалықтар