Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған дөңгелек үстел туралы есеп

2025 жылдың 30 қазан күні Халықаралық қатынастар факультетінде, Дипломатиялық аударма кафедрасы мен Әл-Фараби атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер мен шақырылған қонақтар белсенді түрде қатысты. Дөңгелек үстелді кітапханашы Әсел Қожахметқызының алғысөзімен ашылды. Ол өз сөзінде Абай мұрасының қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.
Баяндамалармен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Смағұлова Айгерім Советханқызы, 3-курс студенті Имнгелді Әмір, сондай-ақ шақырылған қонақтар сөз сөйледі. Олардың баяндамалары Абайдың әдеби мұрасы, философиялық көзқарастары және қазіргі мәдениет пен білім саласына тигізген ықпалы туралы болды.
Талқылау барысында қатысушылар Абай шығармашылығының ұлттық сананы дамытудағы және мәдениетаралық диалогты нығайтудағы маңызына тоқталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығымен ерекшеленді.
Дөңгелек үстел соңында ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс айтылып, осындай танымдық және рухани маңызы зор кездесулерді дәстүрлі түрде өткізу қажеттілігі атап өтілді.
ХҚФ Дипломатиялық аударма кафедрасы
Басқа жаңалықтар