Механика-математика факультетіне жаңа декан тағайындалды
22 қыркүйек, 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінің деканы болып Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы тағайындалды.
Бектемесов Жоламан Мақтағалиұлы – білім беру саласында мол тәжірибесі бар білікті ғалым әрі ұйымдастырушы. Ол ғылым мен білімді ұштастырып, студенттер мен жас ғалымдардың кәсіби дамуына зор үлес қосып келеді. Өзінің еңбек жолында жауапты басшылық қызметтер атқарып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға белсене атсалысқан.
Әріптесімізді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа бастамаларыңыз сәтті болып, факультетіміздің дамуына тың серпін беретініне сенім білдіреміз.
Факультет деканаты
Басқа жаңалықтар
5 желтоқсан, 2025
4 желтоқсан, 2025
4 желтоқсан, 2025