«ChemTech Hackathon by SU» республикалық хакатонында жүлдегер атанды
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің ұйымдастыруымен «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша өткен «ChemTech Hackathon by SU» республикалық хакатон ойындары өз мәресіне жетті.
Бұл ауқымды іс-шараның мақсаты – студенттердің инженерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар органикалық заттардың химиялық технологиясы саласында инновациялық шешімдер ұсыну болды.
Аталған хакатонға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, химиялық технология бағытындағы өз жобаларын қорғады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының SPЕ студенттік ұйымының мүшелері – Құрбан Айбек, Погоров Федор, Ильяс Амирали және Асилбекова Гүлім (жетекшісі доцент Василина Г.К.) өздерінің инновациялық идеялары мен ғылыми дайындығының арқасында қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, ақшалай сыйлықтармен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды. ТДМ 9 – Индустрия, инновация және инфрақұрылым, мұнай-химия, инженерия, салаларындағы жобалар бағытына сәйкес келеді.
Бұл жетістік – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің кәсіби білімінің, зерттеу қабілетінің және шығармашылық ойлауының жарқын дәлелі. Университет ұжымы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, жаңа ғылыми табыстар мен шығармашылық шабыт тілейді!
Доцент м.а. Бәкірова Б.С.
Басқа жаңалықтар