«Жасыл» деректер орталығына инвестиция тартыладыFarabi University

«Жасыл» деректер орталығына инвестиция тартылады

18 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстандағы Тайвань Сауда-өнеркәсіп палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат Алматы облысында алдағы үш жыл ішінде экологиялық таза және энергия үнемдейтін «жасыл» деректер орталығын салуға инвестиция тартуды көздейді.

ҚазҰУ атынан меморандумға Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ибраимов қол қойды. Ол бұл жобаның Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін және цифрлық инфрақұрылымды дамыту үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

Тайвань Сауда-өнеркәсіп палатасының бас хатшысы, ҚазҰУ түлегі Бохан Фу өз сөзінде жасыл энергетикаға инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтіп, бұл серіктестік елдің тұрақты дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.