«Генеративті ЖИ-ді тиімді пайдалану» атты семинар өтті.
Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде «Генеративті ЖИ-ді тиімді пайдалану» атты семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға факультет оқытушылары, профессорлар, докторанттар және жас зерттеушілер қатысты.
Семинардың ашылуында факультет деканының ғылыми-зерттеу қызметі және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Нұрбол Бейсов сөз сөйледі. Ол жасанды интеллект саласындағы құзыреттіліктерді дамыту университеттің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.
Кафедраның аға оқытушысы Талшын Сәрсембаева «Жасанды интеллект: түсінік, құқықтық шеңберлер және деректерді қорғау» тақырыбында баяндама жасап, ЖИ-ді қолданудағы басты қағида – жауапкершілік пен адалдық екенін айтты. Ол:
«Біз жасанды интеллектіні адам құқықтарын бұзбай, академиялық адалдықты сақтай отырып қолдануды үйренуіміз қажет. Тек сонда ғана технология қоғамға шынайы пайда әкеледі».
Сонымен қатар кафедраның аға оқытушысы Әсел Оспан жасанды интеллектінің техникалық қырларына тоқталып, ірі тілдік модельдер мен трансформерлердің заманауи ЖИ жүйелерінің негізін құрайтынын атап өтті. Семинар барысында білім беру мен ғылыми зерттеулер саласында генеративті ЖИ мүмкіндіктері кеңінен қарастырылды.
Басқа жаңалықтар