ҚазҰУ студенттері қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсеттіFarabi University

ҚазҰУ студенттері қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті

15 қазан, 2025

2025 жылғы 15 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің №129 ПК тобының студенттері бастама көтеріп, аз қамтамасыз етілген отбасы — 1984 жылы туған, бес кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеп отырған жесір Калгулова Әсемнің отбасына азық-түлік көмегін көрсетті.

Отбасы жалдамалы уақытша баспанада тұрады және қиын өмірлік жағдайда. Қайырымдылық акциясы Алматы қаласы Полиция департаментінің Алатау аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Акция аясында студенттер отбасыға азық-түлік пен ең қажетті тұрмыстық заттар жиынтығын табыстады. Іс-шараның мақсаты — мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету, сондай-ақ жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік, гуманизм және ынтымақ сезімдерін қалыптастыру.

Полиция және студенттік қауымдастық өкілдері мұндай бастамалар тек нақты отбасыларға көмек беріп қана қоймай, сонымен қатар болашақ заңгерлердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

«Біз үшін өзгеге көмек көрсету — жай ғана ізгі іс емес, бұл азаматтық борыш пен адамгершіліктің көрінісі. Мұндай акциялар бізге өмір сүріп жатқан қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуді үйретеді», — деп атап өтті №129 ПК тобының студенттері.

Заң факультеті Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне акцияны ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін, сондай-ақ ізгі ниет пен бейжай қарамаған барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы