Өндіріс базасы негізіндегі тәжірибелік сабақ
ТДМ-ның 4-ші «Сапалы білім беру», 8-ші «Лайықты еңбек және экономикалық өсу», 11-ші «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» және 17-ші «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» мақсаттары негізінде 2025-жылдың 3 қараша күні Экономика кафедрасының «6В04109 – Цифрлық экономик»а мамандығының 4-курс студенттері «Самал» су тауарлы маркасы бар өндіріс базасы - ЖШС«Керемет Су СКЕ» компаниясында «Цифрлық технологиялар негізінде фирма қызметін экономикалық талдау» арнайы пәннің жоспары шегінде 10-шы апта тақырыбы: «Фирманың негізгі қорларын цифрландыру технологиясы» тақырыбы бойынша практикалық ортадатәжірибелік сабақ өткізді.
Тәжірибелік сабақ барысында студенттер «Керемет Су СКЕ» компаниясының өндірістік үдерісімен, суды тазалау, сүзу және орау кезеңдерімен таныса отырып өндірістікбазаның барлық деңгейлерімен танысып, практикалық тұрғыда фирма қызметінің цифрландыру технологияларымен танысып, экономикалық талдаулар жасады.
Компания өкілдері өндіріс процесінде қолданылатын заманауи технологиялар, сапаны бақылау жүйесі мен цифрлық құралдардың тиімділігі туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар кәсіпорынның тұрақты даму мақсаттарын іске асыру бағытындағы еңбегі, еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық талаптарды сақтау тәжірибесі көрсетілді. Сабақ соңында студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, цифрлық экономиканың нақты өндірістегі рөлін және оның тұрақты даму үдерісіне қосатын үлесін талқылады.
Ұйымдастырушы және пән оқытушысы – PhD, аға оқытушы Иляшова Гулия Кенжебековна.
Басқа жаңалықтар