- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің студенттеріне арналған қонақ дәрістер сериясы басталды
Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің студенттеріне арналған қонақ дәрістер сериясы басталды
2025 жылғы 4 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті (https://www.knu.kg/ky/ru/) арасындағы ынтымақтастық туралы шарт және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Сақтандыру» пәні бойынша қонақ дәрістер сериясы басталды. Бұл дәрістер 2025 жылғы 4–12 қараша аралығында өтеді.
Алғашқы дәріс «Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру» тақырыбында 4 қараша күні өтті. Дәрісті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор м.а. Сартова Рысты Бозманаевна жүргізді.
Дәріс барысында Рысты Бозманаевна азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырудың қағидалары мен ерекшеліктерін, оның Қазақстан Республикасындағы даму үрдістерін, нормативтік-құқықтық реттелуін және түрлі елдердегі халықаралық тәжірибесін егжей-тегжейлі түсіндірді.
«Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби білімін кеңейтіп қана қоймай, оларды халықаралық білім кеңістігіне тартуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Сартова Р.Б.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Саякбаева Айғаныш Апышева және Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., доцент Роза Секиева екі университет арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті:
«Біз әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әріптестерімен өзара іс-қимылды жоғары бағалаймыз. Мұндай дәрістер студенттердің қаржы пәндерінің тәжірибелік аспектілерін терең түсінуіне және мәдениетаралық кәсіби құзыреттерін дамытуына ықпал етеді», — деді олар.
Қонақ дәріс жылы әрі жемісті атмосферада өтіп, университеттер арасындағы серіктестік байланыстарды нығайту мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту жолында тағы бір маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар