Кәсіпкерлер күнінде: Студенттер бизнес стратегияларын талқылады
2025 жылдың 29 қазан күні Кәсіпкерлер күніне орай және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 8 — Тұрақты экономикалық өсім мен лайықты жұмыс, ТДМ 9 — Индустрияландыру және инновациялар) аясында «Кәсіпорындардың маркетингтік стратегиялары: қазіргі үрдістер және отандық тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маркетингтік шешімдердің рөлі туралы түсінігін кеңейту.
Шара барысында қатысушыларға үйретуші кейс ұсынылып, студенттер:
• Қазақстанның танымал компаниялары:
«Цесна-Астық» АҚ, «Рахат» АҚ, «Баян Сұлу» АҚ, «Алель Агро» АҚ, «Saryagash Aqua» ЖШС және "FoodMaster" компаниялары бойынша маркетингтік стратегияларды талдады;
• SWOT және 4P құралдарын пайдаланып, нарықтағы позициясын бағалады;
• Командалық жұмыс арқылы стратегиялық шешімдер ұсынды;
• Өздерінің аналитикалық және кәсіпкерлік дағдыларын дамытты.
Студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында «Smart Strategy Challenge» атты шағын байқау ұйымдастырылып, ең үздік команда отандық бренд үшін жаңашыл SMM-кампания тұжырымдамасын әзірледі.
Ұйымдастырушылар:«Экономика» кафедрасының оқытушылары Сағынбай Ә.Ғ., Мурабилдаева Р.А.
Басқа жаңалықтар