- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінде «Заң және тәртіп» тақырыбында қонақ дәрісі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінде «Заң және тәртіп» тақырыбында қонақ дәрісі өтті
2025 жылдың 5 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тақырыбында қонақ дәрісі өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Қонақ дәрісінің құрметті спикері, Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Қарабаев Серік Оралбекұлы, студенттермен өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, құқықты қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелерге тоқталып, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы адвокатураның рөлі туралы әңгімеледі.
Студенттер талқыланған тақырыптарға үлкен қызығушылық танытып, белсенді диалогқа қатысып, мазмұнды сұрақтар қойды. Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және болашақ заңгер мамандардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар