Интеллект және құқықFarabi University

Интеллект және құқық

7 қараша, 2025

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде BR 21882414 «Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларды қолдау және оңалту бағдарламасы: ресурстық модульді орталықтар желісін тәжірибелік енгізу» ғылыми жобасы аясында  2025 жылғы 30-31 қазан аралығында Түркия Республикасы, Ыстамбұл университетінің ұйымдастыруымен   Халықаралық симпозиум барысында  өткен  "Интеллект және құқық"  ғылыми конференциясына қазақстандық бір топ зерттеушілер арасында заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүгізу, еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы А.А. Урисбаева да қатысып тәжірибе алмасты.


Симпозиум тақырыбы құқықта ЖИ қолданудың этикалық және қолданбалы аспектілеріне арналып,  Қазақстан, ЕО, Түркия және АҚШ ғалымдары мен практиктері  ой пікірлермен бөлісті.

Конференция барысында цифрлық бақылау дәуіріндегі құқықтың үстемдігі,  дербес деректерді қорғау, ЖИ жасаған заң кеңестері үшін жауапкершілік, педагогика және  психология саласында ЖИ қолдану, ЖИ және тұтынушының құқықтарын қорғау мәселелері талданды.
Іс сапар барысында өзара тәжірибемен алмасып, құқықтық білім берудегі заманауи өзгерістер мен тәжірибе алмасу бойынша жұмыстар жүргізілді.