«Халықаралық инженерлік оқытушы (iPEER)» атағы
5 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушыларына «Халықаралық инженерлік оқытушы (iPEER – International Professional Engineer Educator)» мәртебесін растайтын сертификаттар табысталды.
Бұл құрметті атаққа Erasmus+ EduFusion NSG жобасы аясында халықаралық ENTER ұйымының кәсіби сыртқы сертификациясынан сәтті өткен оқытушылар ие болды.
iPEER атағы — оқытушылардың жоғары кәсіби және инженерлік құзыреттілігінің көрсеткіші, сондай-ақ БҰҰ ТДМ-4 (Сапалы білім) қағидаттарына сәйкес инновациялық және тұрақты инженерлік білім беруді дамытудағы олардың үлесін танытады.
«iPEER мәртебесін алу – бұл жеке жетістік қана емес, сонымен қатар университетіміздің халықаралық стандарттарға сай келетінін және сапалы, инновациялық әрі тұрақты инженерлік білім беруді дамытуға бағытталғанын дәлелдейді», – деп атап өтті ҚазҰУ оқытушылары.
Erasmus+ EduFusion жобасы Орталық Азия елдерінде инженерлік білім беруді жаңғыртуға, оқытушыларды кәсіби сертификаттауға және инженерлік бағдарламалардың сапасын арттыруға бағытталған.