«Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері  GETMAN.us IT компаниясының директоры және иесі Антон Гетманмен кездестіFarabi University

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері  GETMAN.us IT компаниясының директоры және иесі Антон Гетманмен кездесті

4 қараша, 2025

2025 жылғы 4 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері CRM жүйелері саласында жұмыс істейтін GETMAN.us IT компаниясының директоры және иесі Антон Гетманмен кездесті.

Бұл іс-шараны ұйымадстыруға университет пен IT-индустрия арасындағы өзара іс-қимылды белсенді дамыту мақсатында «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының профессоры Байшоланова Қарлығаш Советовна  ат салысты.  

Кездесу барысында еңбек нарығының өкілі ретінде Антон Гетман CRM технологиялары саласының маманы ретінде қазіргі заманғы IT-үрдістер мен CRM жүйелерінің мүмкіндіктері туралы мазмұнды және қызықты дәріс оқыды.

Спикер әртүрлі көлемдегі компанияларда CRM шешімдерін енгізу тәжірибесімен бөлісіп, IT нарығында сұранысқа ие негізгі дағдылар туралы баяндап және академиялық білімді нақты жобалармен ұштастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі күні CRM жүйелері — тек сату құралы ғана емес, клиентпен сенімді қарым-қатынас орнатудың және компанияның стратегиялық дамуының негізі», — деді Антон Гетман.

Кездесу әсерлі және қызықты атмосферада өтті. Студенттер белсенді сұрақтар қойып, CRM құралдарын болашақ кәсіби қызметінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Іс-шара университет пен ақпараттық технологиялар индустриясы арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың тағы бір маңызды қадамы болды.