Жемқорлық тамыр жайған мемлекет соңында бәрібір күйрейдіFarabi University

Жемқорлық тамыр жайған мемлекет соңында бәрібір күйрейді

8 қараша, 2025

7 қараша күні «Заң және жемқорлық» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы эдвайзерлік сағат өткізілді.

Іс-шараны «Туризм» мамандығы қазақ бөлімінің 3-курс кураторлары С.А. Моминов пен У.Т. Кошкимбаева ұйымдастырды.

Сабаққа студенттер белсенді қатысып, презентация дайындап, тақырыптың негізгі тұстарын баяндады. Презентациядан кейін кураторлық сағат ойын және пікірталас форматында жалғасты.

Пікірталас барысында студенттер қоғам өміріндегі заңның маңызы мен жемқорлықтың зияны туралы ойларын ортаға салып, оны болдырмау жолдарын ұсынды.

Өткізілген іс-шара студенттердің құқықтық мәдениетін, азаматтық жауапкершілігін және жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.