«Әл-Фараби апталығы» аясындағы ғылыми семинар өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби апталығы» және «GeoGlobal» ғылыми үйірмесінің жұмысы аясында география ғылымының кандидаты, доцент Мылқайдаров Әлім Төлекұлының қатысуымен ғылыми семинар өтті.
Семинар тақырыбы – «Қазіргі Қазақстандағы география ғылымы мен білім берудің рөлі». Іс-шара барысында спикер еліміздегі география ғылымының қазіргі даму бағыттары, білім беру саласындағы өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдары туралы баяндап, тыңдаушылармен тәжірибе алмасты.
Сонымен қатар, семинарға қатысқан студенттер мен жас ғалымдар ғылыми зерттеу жүргізудің заманауи тәсілдері, географиялық деректерді талдау мен қолданбалы зерттеулердің маңызы жөнінде пікір алмасты.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар спикерге өз сұрақтарын қойып, Қазақстанда география ғылымын дамытудың келешегі туралы мазмұнды талқылау өтті.
Басқа жаңалықтар