- Басты бет
- Жаңалықтар
- ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ БИОӘРТҮРЛІЛІГІН САҚТАУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ТАБЫСТЫ БАСТАЛУЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДА
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ БИОӘРТҮРЛІЛІГІН САҚТАУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ТАБЫСТЫ БАСТАЛУЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДА
2025 жылғы 6 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Орталық Азия биоалуантүрлілігін сақтау мәселелері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуы өтті. Конференцияға әлемнің 15 елінен 100-ден астам жетекші сарапшылар жиналып, Орталық Азияның биоалуантүрлілігін зерттеу, Сиверс алмасын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, экотуризм мен экологиялық білім беру салаларындағы өзекті мәселелер, сын-қатерлер мен жетістіктер талқыланды.

Бұл міндеттердің маңыздылығы БҰҰ-ның Тұрақты дамудың «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» 13-мақсатымен, «Мұхиттар мен теңіз экожүйелерін сақтау» 14-мақсатымен және «Құрлық экожүйелерін сақтау» 15-мақсатымен тікелей байланысты.
Конференция барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында экожүйелер мен биоәртүрлілікті қорғау жөніндегі Орталық Азия–Германия институтын құру туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.
Конференцияны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж.К. Түймебаев ашып, университеттің елдегі жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретінде білім беру, ғылыми зерттеулер, серіктестік және әлеуметтік бастамалар арқылы тұрақты дамуға белсенді үлес қосып жатқанын атап өтті.

Конференцияны ұйымдастырушылар география және табиғатты пайдалану факультеті, сондай-ақ тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы болды. Олардың ғылыми зерттеулері Қазақстанның табиғи биоалуантүрлілігін кешенді сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және тұрақты даму мәселелеріне бағытталған. Конференция биология және биотехнология факультетінің қолдауымен өткізілді.
Конференцияның тең ұйымдастырушылары:
- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы,
- Германияның Қоршаған ортаны қорғау федералдық қоры (DBU),
- Орталық Азиядағы тұрақты даму орталығы,
- ЮНЕСКО-ның “Адам және биосфера” бағдарламасы бойынша Қазақстан ұлттық комитеті,
- «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК,
- «Қазақстан Республикасының Зоология институты»,
- «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ,
- «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ,
- «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ,
- «Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты» РМК,
- «Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі» РММ және
- «Jerdin Dostary» қоғамдық бірлестігі.
Басқа жаңалықтар