Қазіргі жастар: мүмкіндіктер мен перспективалар
Қазіргі жастар: мүмкіндіктер мен перспективалар
Құрметті оқытушылар мен студенттер!
Филология факультетінің шетел тілдері кафедрасы сіздерді Тұрақты дамудың 4-мақсаты: «Барлығы үшін инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін дамыту» аясында «Қазіргі жастар: мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге шақырады. Бұл талқылау география және қоршаған ортаны басқару факультетінің бірінші курс студенттерімен, сондай-ақ тарих факультетінің түрікмен студенттерімен бірлесіп, Ресей Президентінің халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының филиалы Волгоград басқару институтының тіл білімі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасымен өткізіледі. Өткізілетін уақыты мен орны: 13.11.2025 ж., 15.00, ZOOM онлайн-конференциясы:
https://us04web.zoom.us/j/3063671205?pwd=EyJlolFx13d0nBysVwIcuB44htsv3t.1
Ұйымдастырушылар: аға оқытушылары Балғабекова Р.Н., Цыганова В.А., Қарабаева Б.Н., Мадиева З.К., Абдиназарова С.Ж..
Басқа жаңалықтар