🎓 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде тәжірибе апталығы 🤖✨Farabi University

🎓 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде тәжірибе апталығы 🤖✨

12 қараша, 2025

Қазақ қыздар педагогикалық университетінің «Техникалық физика» мамандығының студенттері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика кафедрасында оқу-өндірістік практикадан өтті.

Практика барысында студенттер жасанды интеллектіні физика саласында қолдану бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өз идеяларымен бөлісті. 🔬💡

Зерттеу тақырыптары:
1️⃣ Жасанды интеллектінің физикалық эксперименттерді модельдеуде қолданылуы
2️⃣ ЖИ көмегімен материалдардың қасиеттерін болжау және талдау
3️⃣ Кванттық физикадағы жасанды интеллект әдістері
4️⃣ ЖИ негізінде автоматтандырылған өлшеу және деректерді өңдеу жүйелері
5️⃣ Оптикалық жүйелер мен фотоникада нейрондық желілердің қолданылуы
6️⃣ ЖИ көмегімен күрделі физикалық процестерді басқару
7️⃣ Энергетика саласында жасанды интеллектіні қолдану (жылу, плазма, ядролық физика)
8️⃣ Физикалық зерттеулердегі деректерді талдау және визуализациялау үшін машиналық оқыту

Практика жетекшісі — механика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ахметова Б.И.

🔗 Бұл зерттеу жұмыстары БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ЦУР) тығыз байланысты, атап айтқанда:
    •    ЦУР 4 – Сапалы білім беру
    •    ЦУР 7 – Арзан әрі таза энергия
    •    ЦУР 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым
    •    ЦУР 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл

🌍 Заманауи физика мен жасанды интеллекттің тоғысуы – болашақ ғылымның жаңа белесі!

Автор: PhD Ахметова Б.И.