- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жатақханадағы тазалық – денсаулық пен жайлылық кепілі. ҚазҰУ аумағындағы тәртіп
Жатақханадағы тазалық – денсаулық пен жайлылық кепілі. ҚазҰУ аумағындағы тәртіп
Тұрақты даму мақсаттарының бірі «3 - Жақсы денсаулық және әл-ауқат» аясында – «6В07301-Геодезия және картография» білім беру бағдарламасының 2-курс қазақ тобының куратор-эдвайзері Әлімбай Медеркүл Медетжанқызы студенттеріне кураторлық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының тақырыбы: «Жатақханадағы тазалық – денсаулық пен жайлылық кепілі. ҚазҰУ аумағындағы тәртіп».
Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында жатақханадағы және университет аумағындағы тазалық пен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру, жеке жауапкершілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерден (ішімдік ішу, темекі шегу және т.б.) аулақ болуға шақыру, ҚазҰУ аумағында және жатақханада тазалықты, тәртіп пен өзара құрметті сақтау маңыздылығын түсіндіру.

Қорытындылай келе, іс-шара барысында студенттер тазалық пен тәртіптің адам денсаулығына, өмір сапасына және оқу процесіне тигізетін әсері жайлы пікір алмасты. Университет аумағында зиянды әдеттерден аулақ болу және ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексі бойынша ережелердің сақталуының маңызы атап өтілді. Кураторлық сағат соңында студенттер жатақхана мен кампус аумағын таза, қауіпсіз әрі жайлы ұстау — әрқайсысының ортақ міндеті екенін түсініп, тәртіп пен салауатты өмір салтын ұстануға уәде берді.
Басқа жаңалықтар