«Тұрақты ауыл шаруашылығы үшін жасыл биотехнологиялар»Farabi University

«Тұрақты ауыл шаруашылығы үшін жасыл биотехнологиялар»

4 қараша, 2025

Биотехнология кафедрасында 4 қараша күні«Тұрақты ауыл шаруашылығы үшін жасыл биотехнологиялар»  атты ғылыми-практикалық Workshop өтті. Іс-шараның мақсаты — азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологиялық таза ауыл шаруашылығын дамыту жолдарын талқылау.

 

Workshop Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) №2 және №12 аясында өтті:

ТДМ 2 — “Аштықты жою” — азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту;

ТДМ 12 — “Жауапты тұтыну және өндіріс” — табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық таза технологияларды енгізу.

 Іс-шараны биотехнология кафедрасының аға оқытушылары Абдулжанова М.А.және Шокатаева Д.Х. ұйымдастырды.

Workshop-қа «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттері белсенді қатысып, тұрақты ауыл шаруашылығы мен экологиялық өндіріс саласындағы өз жобаларын таныстырды.

Талқыланған негізгі тақырыптар:

* өсімдіктерді қорғауда және өнімділікті арттыруда жасыл биотехнологияларды қолдану;

* экологиялық таза биопрепараттар мен биотыңайтқыштарды жасау;

* органикалық қалдықтарды қайта өңдеу және тұйық биожүйелер құру;

* тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға арналған инновациялық шешімдер.

Workshop барысында қатысушылар табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың және экологиялық ойлаудың маңыздылығын атап өтті.

Жасыл биотехнологиялар — тұрақты ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізі.

«Жасыл технологиялар — жасыл болашақ!»

Материал биотехнология мамандығының 3 курс студенттерімен Абдулжанова М.А. жетекшілігімен дайындалды.