«МҰХИТТАР, ТЕҢІЗДЕР ЖӘНЕ ТЕҢІЗ РЕСУРСТАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ»Farabi University

«МҰХИТТАР, ТЕҢІЗДЕР ЖӘНЕ ТЕҢІЗ РЕСУРСТАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ»

13 қараша, 2025

6 қараша күні Ботаника және агроэкология кафедрасында, Биология білім беру бағдарламасының 1 курс 25-05 тобының студенттермен бірге «Мұхиттар, теңіздер және теңіз ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану» тақырыбында (Тұрақты даму мақсаты №14) тәрбиелік және танымдық бағыттағы іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің мұхиттар, теңіздер және теңіз ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы туралы түсінігін кеңейту, осы ресурстарды ұтымды және тұрақты пайдалану қажеттілігін ұғындыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жеке және қоғамдық жауапкершілікті арттыру.

Кездесу барысында студенттер әлемдік мұхиттың экологиялық ахуалы, пластик және мұнай қалдықтарының теңіз флорасы мен фаунасына әсері, балық шаруашылығы мен теңіз биоресурстарының азаю себептері туралы мазмұнды баяндамалар жасап, бейнематериалдар көрсетті. Сонымен қатар, қатысушылар БҰҰ қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарының ішінде ТДМ 14 бағытының маңызын талқылап, мұхит экожүйесін қорғау бойынша халықаралық және ұлттық деңгейде жүзеге асырылып жатқан шаралармен танысты.

Іс-шарада «Мұхиттар – ғаламдық климаттың реттеушісі», «Теңіз ресурстарының биологиялық әртүрлілігі және оны сақтау жолдары», «Теңіз ластануының зардаптары» сияқты өзекті тақырыптар қозғалды. Студенттер экологиялық сана мен мәдениетті арттырудың, табиғатқа ұқыпты көзқарас қалыптастырудың қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.

 

06/11/2025 жыл

Ұйымдастырушылар: ББ 25-05 топтарының студенттері

Куратор эдвайзер: аға оқытушы Рысқали Толғанай Бағдатқызы

 

Ботаника және агроэкология кафедрасы