АlgaВioТech – инновациялық зерттеулердің қайнар көзіFarabi University

АlgaВioТech – инновациялық зерттеулердің қайнар көзі

14 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті био­логия және биотехнология факультетінің Биотех­нология ка­федрасы базасындағы AlgaBioTech Қазақ-Жапон-Қы­тай халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы – микро­бал­дырлар мен цианобактериялардың биотехнологиялық әлеуетін зерттеп, қолданбалы зерттеулер жүргізуге ба­ғыт­талған жетекші ғылыми орталық.

Экологиялық тұрақтылық пен тиімді ауыл шаруашылығын қамтамасыз ету жолындағы күрделі міндеттерді шешуде микробалдырлар мен циано­бак­териялардың био­техно­ло­гия­лық мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану ерекше маңызға ие. Осы орайда, бұл орталық Қа­за­стандағы биотехнология са­ласында бірегей ғылыми-зерт­теу алаңы ретінде қалып­та­сып, микробалдырлар мен циа­но­бак­териялардың био­тех­но­ло­гиялық әлеуетін толық­қан­ды пай­далануға бағыт­тал­ған көп­теген маңызды жо­баларды жү­­зеге асырып келеді. Уни­вер­си­тет ректоры Жансейіт Түй­мебаевтың қолдауымен 2025 жылы ашылған бұл орта­лық­та фототрофты микро­ор­ганизмдер биотехнологиясы саласында көпжылдық тәжі­ри­бе­сі бар ғалымдар – Б.Заядан, Ә.Сәдуақасова, Д.Ақмұханова, Ф.Құдайбергенқызы, Д.Ки­р­баева, К.Болатхан, М.Бауенова және докторанттар мен ма­гис­транттар белсенді түрде зерт­теу жұмыстарына тартылып, ор­талықтың ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады. Сон­дай-ақ AlgaBioTech ға­лым­дары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржы­лан­ды­ратын бірнеше гранттық жо­ба­лар аясында кешенді зерт­теу­лер жүргізуде.

AlgaBioTech орталығының же­текшісі және негізін қа­лаушы, биология ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА ака­демигі Болатхан Қазыхан­ұлы­ның жетекшілігімен қол­дан­балы зерттеулерде пай­да­лану мақсатында ми­кро­балдырлар мен цианобактериялар кол­лек­циясының биобанкін құру және олардың биотех­ноло­гия­лық потенциалын зерттеу ба­ғы­тында ғылыми жоба іске асырылуда. Бұл Қазақстанда теңдесі жоқ бастама фото­троф­ты микроорганизмдердің генетикалық қорын сақтау мен оларды биотехнология және биоөндіріс салаларында тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта орталықта AlgaBioTech ғалымдары құрған микробалдырлар дақыл­да­ры­ның (ССKazNU) коллекциясы бар. Бұл коллекцияда Қазақ­стан Республикасының түрлі эко­жүйелерінен бөлініп алын­ған және шетелдік ғылыми ор­та­лықтардың коллек­ция­ла­ры­нан енгізілген 60-тан астам микробалдыр мен циа­но­бак­те­рия штамдары сақталуда.

Орталықта б.ғ.к., Биотехно­ло­гия кафедрасының профес­сор м.а. Нұрзия Ақмұханованың жетекшілігімен гранттық жоба аясында цианобактериялар мен микробалдырлардың пес­ти­цидтерді ыдыратудағы, то­пырақ құнарлылығын арт­тыру­дағы биотехнологиялық әл­еу­­еті зерттеліп, осы зерт­теулердің нә­тижесінде пестицидтерге қа­тысты биодеградациялық белсенділігі бар микробал­дыр­лар мен цианобакте­рия­лар­ды бөліп алу, іріктеу және оларды ластанған топырақты биоремедиациялау мақса­тын­да тиімді қолдану тех­но­ло­гиясы әзірленуде. Сонымен қа­тар б.ғ.к., профессор-зерт­теуші Әсем­гүл Сәдуақас­ова­ның же­тек­­шілігімен бірнеше грант­тық жоба жүзеге асы­ры­луда. Зерт­теу жұмыстары ауыл­­­шаруа­шы­лық өсімдік­те­рінің тұрақ­ты­лығын арт­ты­ра­тын және олардың өнімділігін көбейтетін альгобактериялық биологиялық препараттар өн­діру технологиясын жасау мен жетілдіруге бағытталған. Сон­дай-ақ PhD, доцент Фариза Сәр­секееваның ғылыми же­тек­ші­лігімен цианобактерия штам­­дары негізінде ауыл ша­руашылығында қолдануға ар­налған органикалық био­ты­ң­айт­­қыштар мен өсімдік өсімін реттейтін биостимуляторлар алу бағытындағы гранттық жо­ба жүзеге асырылуда. Фариза Құдайбергенқызының айтуын­ша, жоба аясында өсімдіктің өсуін ынталандыратын циа­но­бак­терияларға негізделген ор­га­никалық тыңайтқыш алу тех­нологиясы әзірленіп, оның топырақ микроор­ганизм­де­рінің құрамы мен бел­сен­ді­лі­гіне, топырақтың құнар­лы­лығы мен құрылымына, сондай-ақ то­пырақ экожүйелерінің тұрақ­ты­лығына әсері зерттелуде. PhD, доцент Кенжегүл Болат­хан­ның жетекшілігімен мұнай өнімдерімен ластанған ағынды суларды альго-циано­бакте­рия­лық консорциумдар негі­зін­де биоремедиациялау және оларды потенциалды биоотын өндіру мақсатында пайдалану тех­нологиясын әзірлеу ба­ғы­тын­­да ғылыми зерттеулер жүр­гі­зілуде. Бұл зерттеу бары­сын­да мұнаймен ластанған су­лардың экожүйелік тепе-тең­дігін қал­пы­на келтіру, био­дег­радациялық қабілеті жо­ға­ры микроор­га­низм­дерді ірік­теу және олар­дың өзара симбиотикалық әсе­рін бағалау көзделген. Алын­ған нәтижелер эко­логия­лық қауіпсіз биоэнергетикалық технологияларды дамытуға және өнеркәсіптік ағынды су­лар­ды тазалаудың тиімді био­технологиялық әдістерін же­тіл­діруге мүмкіндік береді. PhD Меруерт Өмірбайқызының ғы­лыми жетекшілігімен суды фи­то­ремедиациялау мақсатында тиімді су өсімдіктері мен ми­кро­балдырлар консорциумын қалыптастыру және сонымен қа­тар биоотын өндірісіне ар­нал­ған қосымша шикізат алу бойынша ғылыми-техникалық негізін құру бағытында зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жүргізіліп жатқан зерттеу­лер­дің нәтижелері ауыл ша­руа­­шы­­лығында экологиялық тұр­ғыдан қауіпсіз тех­ноло­гия­ларды енгізуге, топырақтың құ­нарлылығын арттыруға және өсім­дік өнімділігін жоғары­ла­ту­ға мүмкіндік береді. Со­ны­мен бірге микробалдырлар мен цианобактериялардың био­тех­нологиялық әлеуетін тиім­­ді пай­далану қоршаған ор­таның ластану деңгейін төмен­детіп, биоремедиациялық үдеріс­тер­­дің тиімділігін арттыруға негіз болуда. Бұл бағыттағы жоба­лар­ға жас ғалымдар мен із­де­нушілер белсенді түрде қа­тысып, заманауи био­тех­нологиялық әдістерді мең­ге­ріп, өздерінің ғылыми құ­зы­рет­ті­лігін арттыруда. Мұның бар­­лығы орталықтың жоғары зерт­теу деңгейі мен ха­лық­ара­лық беделін айқын көрсетеді.

Орталықтың негізгі халық­ара­лық серіктестері қатарында биоинженерия және фотобио­тех­нология саласында жоғары әлеуетке ие Токио ғылыми университеті мен әлемдегі ең ірі фармацевтикалық ком­па­ния­­лардың бірі саналатын қы­тайлық Kelun фармацевтикалық корпорациясы бар. Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық шеңберінде AlgaBioTech ға­лым­дары АҚШ, Жапония, Қы­тай, Чехия, Түркия, Ресей және басқа да елдердің жетекші ғы­лыми орталықтарымен, уни­вер­ситеттерімен бірлескен жо­­баларды жүзеге асырып, тә­­жірибе алмасу мен білімді же­тілдіруге үлкен мән береді. Мұндай ынтымақтастық орта­лықтың ғылыми зерттеулерінің сапасын арттырып, Қазақ­стан­ның биотехнологиялық әлеуе­тін әлемдік деңгейде танытуға мүм­кіндік береді.

Сонымен қатар AlgaBioTech орталығы жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық та­ғылымдамаларға қатысуын қол­дап, оларға әлемдік ғы­лыми тәжірибеден өту мүм­кін­дігін ұсына отырып, жаңа буын ғалымдарын даярлайтын ма­ңыз­ды білім беру плат­фор­ма­сына айналуда. Магистранттар мен PhD докторанттарына озық технологиялармен жұмыс іс­теу және маңыздылығы жо­ғары ғылыми зерттеулерге қатысу мүмкіндігі берілген. Бұл Қазақстанның биотехнология саласындағы кадрлық әлеуетін нығайтып, болашақта инно­ва­ция­лық зерттеулердің негізін қалыптастыруға ықпал етеді.

Гүлзат

НҰРМОЛДАҚЫЗЫ