"Brain Party: Білім = Суперкүш!"Farabi University

"Brain Party: Білім = Суперкүш!"

14 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Фундаменталды медицина кафедрасында анатомия және гистология пәндерінің оқытушылары ( Касенова Г.Т., Мұқаш А.С., Шерелхан Д.К., Ибышева Н.Т., Хасидан М.К.,Едилова А.К.) ұйымдастыруымен БҰҰ-ның ТДМ №4 аясында "Brain Party: Білім = Суперкүш!" атты СӨЖ іс-шарасы өткізілді.
🧠 Квесттің тақырыбы: Эндокриндік жүйе.
Бұл шараға Медицина мамандығының қазақ және орыс бөлімдерінің 2-курс студенттері қатысты.
 Студенттер тамаша білімдерін ғана емес, сонымен қатар креативтілігін, жылдам ойлау қабілетін және командалық рухын көрсетті!
Квест бірнеше кезеңнен тұрды:
 🔹 тест сұрақтары
 🔹 ребустарды шешу
 🔹 шығармашылық тапсырма
Қызу бәсекеден кейін финалға үш топ шықты:
 🏅 24-01 (қаз. бөлім)
 🏅 24-03 (қаз. бөлім)
 🏅 24-03 (орыс бөлім)
Финалдық кезең викторина форматында өтті. Қатысушылар жоғары білім деңгейін және командалық бірлігін көрсетті.
🎉 Квесттің  Жеңімпазі – 24-03 тобы (орыс бөлімі)!
 Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! 👏
 Білім жолында табыстар мен медицина әлемінде жаңа жетістіктер тілейміз! 🩺💪
#Анатомия #Гистология #Физиология #ҚазҰУ #ФундаменталдыМедицина #Квест #ЭндокриндікЖүйе #МедицинаСтуденттері #Медунивер #ӘлФараби #Медицина